Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Черчесовті Қазақстанға кім шақырды? Вице-министр жауап берді

05.06.2024, 10:50

Ресейлік маманның жалақысы туралы нақты ақпарат қоғамға сол күйі айтылмай, құпия сақталып отыр

Черчесовті Қазақстанға кім шақырды? Вице-министр жауап берді
РИА Новости

3 маусымда футболдан Қазақстан құрамасына бас бапкер болып ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалған болатын. Бұл ауыст-түйіс қоғамда біраз наразылық тудырғаны да жасырын емес. Жанкүйерлердің біразы өзімізден бапкер табылмай, оны Ресейден алдырғанымызға көңілі толмаса, тағы біразы Черчесовтың жалақысы тым көп екенін жазып жатты.

Еске салайық, бас бапкер тағайындалар алдында журналистер мен блогерлер оның жалақысы жылына 1,2 миллион еуро болады деген ақпарат таратқан еді. Алайда, күні кеше ҚФФ бұл ақпаратты жоққа шығарды, бірақ Черчесовтің қанша жалақы алатынын бәрібір айтқан жоқ.

Осы орайда, Ulysmedia.kz сайты Спорт вице-министрі Серік Жарасбаевтан жалақыға қатысты мән-жайды сұрап білді.

«Заңға сәйкес, әрбір федерация бас бапкерді өз қалауы бойынша ұсына алады. Адиевтің отставкасынан соң федерация бізге ұсынысын жіберді. Біз келістік. Бірақ оның жалақысы мен өзге де мәселелерді федерация шешеді. Бұл туралы БАҚ беттерінде көп жазылып жатыр. Оны растай да, жоққа да шығара алмаймыз, себебі ешқандай мәлімет жоқ. Сондықтан футбол федерациясынан нақтылаған жөн», - деді Жарасбаев.

Вице-министр бас бапкерге жалақы бюджеттен бөлінбейтінін де айтты.

«Жалақы бюджеттен берілсе, онда азаматтар оны білуге құқылы. Егер федерация өз тарапынан төлейтін болса, онда оны заң тұрғысынан қарау керек», - деді Серік Жарасбаев.

Айта кетейік, Черчесов бұл қызметте тағы бір ресейлік маман Магомед Адиевтің орнын басты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам