EURO-2024: Германия Шотландияны ойсырата жеңді

Telegram WhatsApp

Шотландықтар 10 ойыншымен жүріп Германия қақпасына бір гол соға алды

Getty Images
Getty Images

Футболдан Еуропа чемпионатының ең бірінші ойынында Германия мен Шотландия жабылып алты бірдей гол соқты. Оның бесеуі – алаң иелерінің еншісінде.

Тек бұл ойынның ғана емес, жалпы құрлық чемпионатының басты фавориттерінің бірі ретінде Германия құрамасы қарастырылған. Өз жерінде өтіп жатқан чемпионатта Юлиан Нагельсман шәкірттері аянып қалмасы анық. Содан да болар, ең бірінші матчты немістер сенімді жеңіспен аяқтады, есеп – 5:1.

Ойын бастала салысымен қауіпті шабуылдар ұйымдастырған Германия 10-минутта есеп ашқан, гол авторы – Флориан Вирц. 19-минутта Джамал Мусиала есепті еселеді. Бірінші тайм соңында Шотландия қорғаушысы Райан Портеус өз айып алаңында неміс капитаны Гюндоганды аяғынан теуіп құлатып, «қызыл қағазбен» алаңнан қуылды. Пенальтиден Кай Хавертц мүлт кеткен жоқ.

Екінші таймда он ойыншымен қалған Шотландия негізінен қорғанумен болды. Ал, жауапсыз үш голға қанағаттанбаған Германия шабуылын тоқтатқан жоқ. 68-минутта Никлас Фюллькруг есепті 4:0-ге жеткізсе, 87-минутта Рюдтгер өз қақпасына гол соғып, шотландық жанкүйерлерді бір қуантты. Десе де, 90+3 минутта Эмре Джан дәл соққымен көзге түсіп, қорытынды нәтижені шығарды – 5:1.

Ертең Еуропа чемпионатында тағы үш матч болады:

  • Венгрия – Швейцария
  • Испания – Хорватия
  • Италия Албания

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 909 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 487 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 540 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 159 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 270 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 807 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 317 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 471