Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Алдымен қазақша жаз»: қазақтар Оразовтың жаңа клубының парақшасын «шабуылдады»

15.06.2024, 00:59

Былтыр да Оразов «Коперге» ауысқанда осыған ұқсас жағдай болған еді

«Алдымен қазақша жаз»: қазақтар Оразовтың жаңа клубының парақшасын «шабуылдады»
Силькеборг ФК

Қазақстандық жанкүйерлер Данияның «Силькеборг» клубының әлеуметтік желілердегі парақшаларына «шабуыл» жасауда. Бұған отандық жартылай қорғаушы Рамазан Оразовтың аталған клубқа ауысуы себеп.

13 маусым күні 26 жастағы Оразовтың «Силькеборг» ойыншысы атанғаны белгілі болды. Осыдан соң қазақстандық жанкүйерлер дат командасының әлеуметтік желілеріне тап берген.

«Әр жазбада Оразов болсын», «Админ, алдымен қазақша жаз», «Қазақстан – Дания – 3:2», «Қазақтардың тағы бір аккаунты құтты болсын», «Неге біздің баланы суретке түсірмейсіңдер?», «Атам «Силькеборг» жанкүйері болған, мен де жанкүйерімін», «Оразовты салып тұрсаңдар, белсенділік артады», «Оразовты ғана салыңдар, басқасы керек емес», - деп жазып жатыр қазақстандық жанкүйерлер.

Естеріңізде болса, былтыр Оразов Словенияның «Копер» клубына ауысқанда да осыған ұқсас жағдай болған. Аз уақыттың ішінде клубтың жазылушылар саны бірнеше есеге өскен болатын. Ал, Оразов ол командадан кеткенде, керісінше жазылушылар саны азайып кетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам