Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

Зайнутдинов Ресейге оралғысы келмейді: ол «Бешикташ» басшыларына өтініш айтты

15.06.2024, 10:04

Бұған дейін оның әкесі де ұлының Ресей чемпионатына оралуын құптамайтынын айтқан болатын

Зайнутдинов Ресейге оралғысы келмейді: ол «Бешикташ» басшыларына өтініш айтты
Бешикташ ФК

Стамбұлдың «Бешикташында» өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов Ресей чемпионатына ауысқысы келмейді деп жазады «Чемпионат» сайты.

Бұған дейін Зайнутдиновтың питерлік «Зенит» сапына баратыны хабарланған болатын. Екі тарап келісімге де келгені жазылған. Алайда, қазақстандық футболшы «Бешикташ» басшыларынан өзін Ресейге жібермеуін сұраған көрінеді.

«Бақтиер «Бешикташтан» кеткісі келмейді. Ол Стамбұлда өзін өте бақытты сезініп жүр. Ол «Зениттің» ұсынысын кері қайтаруды сұрапты», - деді жергілікті журналист Серджан Дикме «Чемпионатқа» берген сұхбатында.

Зайнутдинов «Бешикташ» сапына өткен жылы жазда мәскеулік ЦСКА-дан ауысқан болатын. Түріктер оның трансферіне 4,5 млн еуро төлеген. Келісімшарт мерзімі 2027 жылдың жазына дейін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам