Ресейден келген маман өзін «дала командирі» санайды екен
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Алексей Попов жаңа бас бапкер Станислав Черчесов туралы өз ойымен бөлісті.
Еске салсақ, маусым айының басында Қазақстан құрамасына бас бапкер болып ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалған болатын.
«Черчесовтың проблемасы – адамдармен қарым-қатынас құра алмауында. Яғни, ол тек өзіне ұнайтын адамдармен ғана сөйлеседі. Өзі айтқандай, ол – «дала командирі». Онымен қоса, кезінде қақпашы болған. Бұл көп нәрсені білдіреді», - дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Станислав Черчесов тағайындалған еді. Ел сапында доп тепкен Попов 2013 жылы ресейлік маманның баптауымен “Амкар” футбол клубында ойын көрсеткен.