Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы қайтыс болды

15.06.2024, 15:38

Ол өз мансабында Англия чемпионы, Англия кубогі мен Лига кубогі және Кубок иегерлерінің кубогінде үздік шыққан

«Арсеналдың» бұрынғы шабуылшысы қайтыс болды
fc-arsenal.com

Англия футболының ардагері Кевин Кэмпбелл қайтыс болды. Бұл туралы The Guardian хабарлап отыр.

«Арсенал» мен «Эвертонның» бұрынғы шабуылшысы 15 маусым күні 54 жасында көз жұмған. Осыдан екі апта бұрын Кэмпбеллдің ауыр халде ауруханада жатқаны айтылған еді. 

«Арсенал» сапында Кэмпбелл 1988-1995 жылдар аралығында өнер көрсетіп, 210 матчта 55 гол соққан. «Зеңбірекшілер» сапында 1990/91 маусымда Англия чемпионы атанып, Англия кубогі мен Лига кубогінде, Кубок иегерлерінің кубогінде үздік шыққан. 

Анлияның жастар құрамасында Кэмпбелл төрт матчқа қатысып, бір гол соққан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам