Спорттағы "сақалбайлар" өте қауіпті! Жаңа шығарылым!

Нұралы Әліп «ПСЖ» мен «МанСитидің» біріне ауысуы мүмкін

15.06.2024, 20:26

Тағы бір қазақ ойыншысына «Милан» қызығушылық танытқан

Нұралы Әліп «ПСЖ» мен «МанСитидің» біріне ауысуы мүмкін
Зенит ФК

Алдағы жаңа маусымда Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп Франция мен Англия чемпионаттарының бірінде доп тебуі мүмкін. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының иесі Қайрат Боранбаев Артур Асқарұлына берген сұхбатта айтты.

Боранбаев әңгіме кезінде «Зенитте» доп тебетін Нұралы Әліптің ең үлкен трансфер болғанын алға тартты.

«Манчестер Юнайтед» мен «Реалдың» сапына ауысады екен деген жаңалықтарға қалай қарадым? Керемет қабылдадым! Мәселе біздің сенгенімізде емес. Біз бұл мәселемен айналысамыз, мен айналысамын, ол Еуропаға одан әрі кетуі үшін. Тек «Манчестер Юнайтед» емес, бізде «ПСЖ» мен «Манчестер Ситиден» керемет ұсыныс бар. Әзірге бұл ұсыныс нақты емес. Жалпы әңгіме барысында айтылды. Бұдан басқа да қызығушылық танытқан клубтар бар», - деді Боранбаев сұхбат кезінде.

Сонымен қатар, Қайрат Боранбаев «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Әділет Сәдібековке «Милан» клубы қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. 

«Миланнан» Сәдібековке ұсыныс болды ма? Әрине, болды. Бұл өте жақсы ұсыныс. Аталған мәселе әбден талқылаумен қатар уақытты қажет етеді. Шетелдік клубтар Қазақстаннан ойыншы алған кезде өте ұзақ уақыт бойы зерттейді. Біз бұны Әліптің тәжірибесінен білеміз. Бұдан бөлек, Шушеначев, Вороговский «Қайраттан» осылай кетті. Исламханның мысалын да айтуға болады. Ол БАӘ клубына кеткен кзеде оларды жан-жақты ойыншы ретінде әбден зерттеді», - деді Қайрат Боранбаев.

Бұған дейін Нұралы Әліптің «Манчестер Юнайтедке» ауысатыны туралы БАҚ беттерінде жазылған еді. Алайда, бұған қатысты футболшы ондай ұсыныстың болмағанын атап, алдағы жоспары «Зенит» клубымен байланысты екенін мәлімдеген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам