Жаңа шығарылым! Қонақта Жасын Канбаев!

«Тамақтың бәрінде шошқа майы қосылады»: қазақ футболшысының әйелі Беларустегі өмірін айтты

22.06.2024, 17:14

Есесіне, ол елде азық-түлік бағасы Қазақстаннан әлдеқайда арзан

«Тамақтың бәрінде шошқа майы қосылады»: қазақ футболшысының әйелі Беларустегі өмірін айтты
mlyn.by

Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы, қазіргі кезде Беларусь елінің «Слуцк» клубында ойнайтын Оралхан Өміртаевтың әйел Әсел Советова жергілікті басылымдардың сұхбат берді.

Ол жат елдегі өмірі туралы айтқан. Қандай азық-түлік жетіспейтінін және бағаларын Қазақстанмен салыстырып көрді.

«Беларусь еліне барып, шұжықты ұмыттық. Өйткені біз шошқаның етін жемейміз. Мұнда тағамдардың бәріне сало қосылады. Өзім Алматыдан бірнеше қазы мен шұжық алып бардым. Соны жеп жатырмыз», - дейді Әсел Советова.

Оның айтуынша, Беларусте азық-түлік бағасы Қазақстанмен салыстырғанда әлдеқайда арзан.

Айта кетейік, Оралхан Өміртаев «Слуцк» клубына биыл ақпан айында ауысқан. 25 жастағы шабуылшы бұған дейін «Атырауда» өнер көрсетті. «Мұнайшылар» сапында 30 матчта 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Оның алдында «Шахтер», «Ақжайық», «Тобыл» клубтарының жейдесін киген.

Жалпы, Қазақстан Премьер-лигасында 173 матч өткізіп, 22 гол салып, 11 нәтижелі пас берген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам