Осылайша Әзербайжандағы саммитке қатысудан бас тартқан
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған футболшыларын қолдау үшін Еуропа чемпионатына арнайы бармақ.
Осылайша, бұл күндері Астанадағы ШЫҰ саммитіне қатысуға келген Ердоған 6 шілде күні Түркияның Нидерланд құрамасымен ойынын стадионда отырып тамашалайды. Себебі түрік футболшыларына Австриямен өткен матчтан кейін қысым артқан.
Естеріңізде болса, Мерих Демирель Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Австрия қақпасына соққан голын тойлау кезінде «Bozkurt», яғни «Көк бөрі» тобының ишарасын көрсеткен. Ал Австрия бұл белгіні 2019 жылы лаңкестік ұйымдардың символы деп таныған. УЕФА осы жайтқа байланысты тергеу жүргізуде.
Негізі Германияда бұл ишараға тыйым салынбаған. Сөйте тұра ел билігі футболшыны жазалау керектігін алға тартуда.
Демиральдің өзі бұл әрекетімен ешкімді кемсіткісі келмегенін, тек түркі жұртының мәртебесін асқақтатуды көздегенін айтады. Себебі тұраншылдар көк бөріні түркі дүниесінің символы ретінде қолданады.
«Бұлай тойлауым түркі жұртынан шыққаныммен байланысты. Сондықтан да осында ишараны көрсеттім. Мұндай ишараны стадионда басқалардың жасағанын да көрдім. Бұдан саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Біз – бәріміз түркі халқымыз, өзім түрік болғаныммен мақтанамын. Бар-жоғы бойымды кернеген мақтаныш сезімін көрсеткім келген. Бұл ишараны көрсететін тағы мүмкіндік туады деп ойлаймын», - деді 26 жастағы футболшы.
Футболды FONBET-пен көру қызығырақ. Ал, Еуро-2024 – Қазақстандағы ең үздік VIP бағдарламасы бар букмекерде ойнайтын таптырмайтын уақыт. Өйткені FONBET-тің түрлі акцияларында 150 000 000 теңге ойнатылып жатыр. Жаңа клиенттер BOL24 промокодымен тіркелсе 24 000 теңге бонус ала алады. Ол сізді мына сілтемеде күтіп тұр: http://www.fonbet.kz/s/Zyd6XV