Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

«Пеналду». ВВС Роналдудың атын неліктен өзгертіп жазғанын түсіндірді

09.07.2024, 15:56

Роналду матчтың 105-минутында пенальти соға алмай қалғанда, «Қиыстиану Пеналду» деп жазып, көпшіліктің сынына қалған

«Пеналду». ВВС Роналдудың атын неліктен өзгертіп жазғанын түсіндірді
REUTERS

BBC корпорациясы Еуро-2024-тің 1/8 финалында Словениямен (0:0, пенальти – 3:0) өткен ойында Криштиану Роналдуды «Қиыстиану Пеналду» деп атауының себебін түсіндірді.

Естеріңізде болса, Роналду матчтың 105-минутында пенальти соға алмай қалғанда, телеарна оның атын «Қиыстиану Пеналду» деп жазып, көпшіліктің сынына қалған.

«Бұл сөздерді ойнатып беру үшін жасалған еді, біз мұндайды Match Of The Day бағдарламасының сараптамалық графикасында талай рет қолданғанбыз. Криштиану Роналдудың намысын таптайтын мақсат болған жоқ.
Шын мәнінде, біз бағдарлама барысында Роналду туралы талай жылы сөздер айттық, соның ішінде:
Матчқа даярлық барысында Жозе Фонте Роналдудың жаттығуға ерекше беріліп кірісетінін, тарихтағы үздік ойыншылардың бірі екенін айтты. 
 Үзіліс кезінде Гари Линекер мен Алан Ширер Роналдудың әрбір қозғалысына түгел сарап жүргізіп, оған «таңғажайып» деп баға берді. 
3. Пенальти сериясынан соң Гари Линекер мен Алан Ширер Роналдудың ерлігі мен сеніміне жоғары баға беріп, дәл осы қасиеттер оның пенальти сериясында мергендік танытуына себеп болды дегенді алға тартты.
Сарапшылар бір де бір рет Роналдудың тарапына сын айтқан жоқ, бағдарлама барысында оған деген құрметтің ерекше екені де білініп тұрды. 
Алайда кейбір көрерменнің графикаға көңілі толмағаны рас. Олардың ескертулері түсіріліс тобына жеткізілді», - делінген мәлімдемеде.

Айта кетейік, Португалия құрамасы ширек финалда Франциядан ұтылып (0:0, пенальти – 3:5), Еуропа чемпионатын аяқтады.
39 жастағы Роналду Словения және Франция құрамаларына пенальти сериясында гол соқты.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам