Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Түркияда 2023 жылдан бері доп теуіп жүр
Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» клубымен бірге Словениядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанды.
Қазақстандық шабуылшының аталған клубтағы тағдыры енді шешімін таппақ. Стамбұлдық клубтың бас бапкері Джованни Бронкхорст Словениядағы жаттығуы жиындарынан соң бірнеше футболшыны жіберуі мүмкін. Оның ішінде Зайнутдиновтің де есімі аталып отыр.
Осыған дейін Бахтиер Зайнутдинов «Зенит» клубына ауысуы мүмкін екені айтылған болатын. Сонымен қатар, «Бешикташтың» қазақстандық шабуылшыға АҚШ пен Еуропадан клуб қарастырып жатқаны мәлім болды. Әзірге оның нақты қай клубтың сапына қосылатыны белгісіз.
Еске салайық, Зайнутдинов түрік клубына былтыр мәскеулік ЦСКА-дан ауысқан болатын. Оның әкесі ұлының Ресейге қайта оралғысы келмейтінін бұған дейін журналистерге айтқан.