Жанжалға толы тізім. XXI ғасырдың ТОП-10 спортшысының қатарында Криштиану Роналду жоқ

Telegram WhatsApp

Рейтингтің көш басында 23 дүркін Олимпиада чемпионы Майкл Фелпс тұр

Adam Pretty / Getty Images
Adam Pretty / Getty Images

Американың танымал арнасы ESPN XXI ғасырдың басындағы үздік спортшылардың тізімін жасады. Бірақ  бұған қатысты жанкүйерлердің өкпесі қара қазандай.

Телеарна ресми сайтында 100 үздік спортшыны тізіп шыққан. Сарапшылар танымал атлеттерді 2000 жылдың 1 қаңтарынан бергі көрсеткіші бойынша қарастырған. 

Рейтингтің көш басында 23 дүркін Олимпиада чемпионы, жүзуші Майкл Фелпс тұр. Екінші орынға теннисші Серена Уильямс, үздікті үштікті футболшы Лионель Месси түйіндейді. 

Оның футболдағы басты бәсекелесі Криштиану Роналду тізімге 13-орынға орналасқан. Алғашқы 25-нің қатарында басқа футболшы енбеген.

Сонымен алғашқы ондыққа Леброн Джеймс (баскетбол), Том Брэди (америкалық футбол), Роджер Федерер (теннис), Симона Байлз (спорттық гимнастика), Тайгер Вудс (гольф), Усэйн Болт  (жеңіл атлетика) және Коби Брайант (баскетбол) кірген.

Көбісі тізімге наразылықтарын білдіріп жатыр. Өйткені бастапқы 25 спортшының 17-сі АҚШ атлеттері болып шықты. Әлемнің жеті дүркін чемпионы көптеген жарыстардың жеңімпазы дүниежүзіндегі ең жүйрік пилот Михаэль Шумахер Льюис Хэмилтоннан төмен тұр.

Жалпы жүздіктің қатарындағы 56 спортшы АҚШ-тан болса, бесеуі – Испаниядан, төртеуі – Канада мен Доминика Республикасынан. Сондай-ақ үшеуі – Бразилия, Франция және Жапониядан. Қалған 22-сі әрбір елден.

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 66 975 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 222 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 241 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 1 122 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 307 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 170 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 159 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 651 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 429 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 561 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 600 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›