Холландты көру үшін емес, Қазақстанды қолдау үшін стадионға келейік – үндеу

Криштиану Роналду мен Джорджина саунада түскен видеосын көрсетті

19.07.2024, 14:02

39 жастағы шабуылшы Instagram парақшасында сүйкімді кадрларды жариялады

Криштиану Роналду мен  Джорджина саунада түскен видеосын көрсетті
instagram.com/cristiano

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналду әлеуметтік желідегі парақшасында саунада түсірілген видеосын көрсетті.

39 жастағы шабуылшы Instagram парақшасында сүйкімді кадрларды жариялады. Ол Еуропа чемпионатынан кейін жағалауда отбасымен демалып жатыр. Кейін сүйіктісі Джорджина Родригес йогамен айналысып жатқан сәтінен ролик салды. 

«Джорджина, кадрды жауып жатырсың, мен Роналдуды көргім келеді», «Ең қызық жері, Джорджина шығатын тұсы», «Не деп жазатынымды білмеймін», «Менің кумирім есінен ауған», «Тіпті, еңбек демалысы кезінде физикалық тұрғыда белсенді», «Бұл керемет шабыт», «Өмірдегі серіктес ретінде ғана емес, жаттығудағы әріптес ретінде де таңғажайып», - деп жазды футболшының фанаттары. 

Криштиану мен Джорджина қарым-қатынастарын әлі күнге заңдастырмаған. Олар 2016 жылдан бері бірге тұрады. Қазіргі таңда бес бала тәрибелеп отыр. Кіші Роналдо, Ева Мария, Матео Роналду, Алана Мартин Роналду және Белла Эсмеральда. Роналдо 2023 жылы «Әл-Наср» клубына ауысқан соң отбасы қазір Сауд Арабиясында тұрады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам