Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ресми: Магомед Адиев ешқандай клубты жаттықтырмайтынын мәлімдеді

27.11.2023, 09:42

Бұған дейін оның «Ақтөбе тізгінін» ұстайтыны хабарланған

Ресми: Магомед Адиев ешқандай клубты жаттықтырмайтынын мәлімдеді
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ҚПЛ-дегі клубтардың ешбірін жаттықтырмайтын болды. Бұл туралы маманның өзі мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін бас бапкердің «Ақтөбе» ФК тізгінін ұстайтыны хабарланған еді. Бұл ақпаратты ресейлік маман жоққа шығарды.

«Менің қазіргі басты мақсатым – Қазақстан құрамасын алдағы наурызда болатын ойындарға дайындау. Мақсатым да, арманым да – 2024 жылы болатын Еуропа чемпионатына Қазақстан құрамасымен бірге қатысу. Сол үшін мен қазір ешқандай клубты жаттықтырмаймын», - деді Магомед Адиев.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам