“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Ол біздің лидер». Черчесов те Әліпті мақтап шыға келді

25.08.2024, 10:32

Нұрәлі Әліп кеше «Зенит»  пен «Спартак» матчында екінші таймда алаңға шықты

«Ол біздің лидер». Черчесов те Әліпті мақтап шыға келді
ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станилсав Черчесов «Зенит» клубында ойнайтын Нұрәлі Әліп жайлы ресейлік басылымға пікір білдірді.

«Нұрәлі – біздің лидер. Оның деңгейі маған белгілі. Сондай-ақ Қазақстандағы «Елімай» – «Қызылжар» және «Қайсар» – «Жетісу» матчтарын тамашаладым. Өйткені бұл кездесуге қатысқандардан да құрамаға кандидаттар бар. Ұлттар лигасының алдындағы дайындық үшін бұл өте маңызды»,- дейді Черчесов СЭ басылымына берген сұхбатында.

Нұрәлі Әліп кеше «Зенит»  пен «Спартак» матчында екінші таймда алаңға шықты.

Айта кетейік, бұған дейін Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін журналистермен кездескен болатын. Жиында журналистердің бірі бапкерге қазақша сұрақ қойып, оның ашуын тудырған. Тіпті, Черчесов тек орыс тілінде сұрақ қоюды талап еткен еді. Мұнан кейін қоғам наразылығы туындап, көпшілік оның отставкаға кетуін талап етті.

Ал Нұрәлі Әліп Ресейдегі Андрей Аршавин және Владислав Радимовпен подкастта мұны «хайп» деп бағалады. Осыдан соң футболшыға да қатысты хейт көбейді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам