«Ақтөбе» жанкүйерлері Асхат Тағыбергенді шешесінен балағаттаған

Telegram WhatsApp

Ол «Ордабасының» сапында биыл Қазақстан чемпионы атанды

Prosports.kz
Prosports.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы мен шымкенттік «Ордабасының» капитаны Асхат Тағыберген журналист Нұрсұлтан Құрманға сұхбат беріп, «Ақтөбе» жанкүйерлерімен жуырда болған кикілжің туралы айтты.

«Көбі мені Ақтөбенің тумасы деп ойлайды. Бірақ, мен Қызылордада туып өстім, сол жерде футбол ойнап үйрендім. Мен «Ақтөбеге» гол соққанымда трибунадан жанкүйерлер балағаттап жатты, анама тіл тигізді. Мен оларды сабыр сақтауға, балағат айтпауға шақырдым. Бірақ, журналистер оны «жанкүйерлердің аузын жаппақ болды» деп беріп жатты. Мен олардың аузын жабатындай ешкім емеспін.

Сондай-ақ, Ақтөбеде гол соққанымда неше үшін алаңда қуанды деп те айыптап жатты. 2019 жылы «Қайсар» сапында жүргенімде де «Ақтөбеге» өз алаңында гол соғып, атойлап қуанғанмын. Ол кезде бірақ ешкім үндеген жоқ. Бұл жолы бәлкім «Ордабасы» мен «Ақтөбе» чемпиондыққа таласқан соң осындай эмоция білдірген шығар», - деді Асхат Тағыберген.

Еске салайық, биыл Қазақстан чемпионатының соңғы турларының бірінде «Ақтөбе» өз алаңында «Ордабасыны» қабылдап, ойынның 26-минутында Асхат Тағыберген айып добын қақпаға дәл соқты. Осы сәтте жанкүйерлер жаппай айғайға салып, футболшыны балағаттаған.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 40 578 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 59 901 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 41 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 73 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 72 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 465 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 342 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 535 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 584 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 292 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 175 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 309
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
12
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Бетис
12
6
Арсенал
11
7
Манчестер Сити
10
8
Боруссия (Дортмунд)
10
9
Астон Вилла
9
10
Ливерпуль
9
11
Брюгге
9
12
Спортинг (Лиссабон)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›