“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Чемпиондар лигасының жеребесі жаңа форматта тартылды

29.08.2024, 22:39

Биылғы маусымда алғаш рет 36 клуб өнер көрсетеді

Чемпиондар лигасының жеребесі жаңа форматта тартылды
Global Look Press

Бүгін Монакода футболдан Еуропа чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті.  Төрткүл дүние көз тіккен теңбіл доп додасының алғаш рет жаңа форматта өткелі отыр.

Биылғы маусымда алғаш рет 36 клуб өнер көрсетеді. Барлық командалар төрт себепке бөлініп, әр клуб 8 топтық кезеңде 8 матч өткізбек. Оның 4-і өз алаңында болса, қалған кездесулер сыртта өтеді.

36 футбол клубы жалпы турнир кестесінде ұпай жинайды. Ал жоғары нәтижеге ие болған 8 команда бірден 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9-24 орын аралығында тұрғақтаған клубтар қосымша ойындар өткізбек. Сондай-ақ, 25-36 орын аралығына тұрақтаған командалар үшін чемпиондар лигасы аяқталады. 

Бірінші себетте «Реал Мадрид», «Манчестер Сити», «Бавария», «ПСЖ», «Ливерпуль», «Интер», «Боруссия» Дортмунд, «РБ Лейпциг», «Барселона» клубтары түсіп отыр.

Ал екінші себетте «Байер», «Атлетико», «Аталанта», «Ювентус», «Бенфика», «Арсенал», «Брюгге», «Шахтер», «Милан» командалары бар. Сондай-ақ, 3-себетке «Фейеноорд», «Спортинг», ПСВ, «Динамо» Загреб, «РБ Зальцбург», «Лилль», «Црвена Звезда», «Янг Бойз», «Селтик» енді.

Ал 4-себетте «Слован» Братислава, «Монако», «Спарта» Прага, «Астон Вилла», «Болонья», «Жирона», «Штутгарт», «Штурм», «Брест» клубтары бары белгілі болды.

Турнир кестесі 31 тамызда жарияланып, себет бойынша  «Манчестер Сити» «Интер», «ПСЖ», «Брюгге», «Ювентус», сынды клубтармен ойын өткізеді. Ал «Барселона»«Бавария», «Боруссия» Дортмундпен бір топта ойнамақ.

«Реал Мадрид» болса «Ливерпуль», «Милан», «Аталанта» клубтарымен сынға түседі.

Турнирдің алғашқы ойындары 17-19 қыркүйек күндері өтеді. Ал ең соңғы 8-ші тур ойындары 29 қаңтарда аяқталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам