“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Ақтөбеге келуі мүмкін»: Магомед Адиев қызметінен босады

01.09.2024, 14:01

Грозныйлық команда соңғы жеті ойынның бірде-бірінде жеңіске жете алмады

«Ақтөбеге келуі мүмкін»: Магомед Адиев қызметінен босады
Ахмат ФК

Грозныйдың «Ахмат» клубын баптаған Магомед Адиев қызметінен кетті. Бұл туралы маманның өзі «Матч ТВ» тілшісіне мәлімдеді.

«Біз құжаттарға қол қойдық. Мен «Ахматтан» кеттім. Бұл ортақ шешім. Клубқа болашақта табыс тілеймін», - деді Адиев.

Енді ресейлік маман «Ақтөбеге» келеді деген болжам бар. Себебі ақтөбелік клубтың тізгінінде болған Дмитрий Парфенов та бүгін орнын босатты.

«Ақтөбе» футбол клубы өзара келісім аясында Дмитрий Владимирович Парфеновпен арадағы келісімшартты үзіскенін ресми хабарлайды. 

49 жастағы ресейлік маман маусым басында «Ақтөбенің» тізгінін ұстап, команданы турнирлік кестедегі екінші орында қалдырып барады», - делінген клуб таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, Парфеновтың басшылығымен «Ақтөбе» Қазақстан Кубогінің финалына шықты.

Айта кетейік, Адиев Грозныйға кеткенге дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері болған. Ол баптаған «Ахмат» клубы РПЛ-де соңғы жеті матчтың бірде-бірінде жеңіске жете алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам