Мейірімнің лицензиясын Жәнібекке берген кім? Қазақ пен қазақ жұдырықтассын! Жаңа подкаст!

Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Арменияны ірі есеппен ұтты (ВИДЕО)

06.12.2023, 08:52

Жерлестеріміз турнир кестесінің үшінші сатысына жайғасты

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасысының топтық кезеңіндегі соңғы ойында Армениядан басым түсті. Астанада өткен ойында есепті 40-минутта Юлия Мясникова ашты.

Құрама капитаны айып добын орындау кезінде мүлт кеткен жоқ. Екінші таймда отандасымыз Аида Гайстенова есепті еселеп, тағы гол соқты. Ал 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанып, жеңіске деген сенімді нықтай түсті.

Тартысты мачта Армения құрамасы бір голмен жауап қатқанымен, 71-минутта Камила Құлмағамбетова Қазақстан құрамасының төртінші голын соқты.

Осылайша лига ойындары аясындағы Қазақстан – Армения кездесуі 4:1 есебімен тәмам болды. 

Мадияр Кембілов шәкірттері Армения құрамасымен қыркүйекте өткен алғашқы матчта да басым түсіп, 2:1 есебін тіркеген еді.

Ұлттар лигасысының топтық кезеңінде әйелдер құрамасы 8 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Бұл ретте Израиль құрамасы 16 ұпаймен көш бастаса, Эстония 10 ұпаймен екінші сатыда тұр. Ал Армения құрамасы топтық кезеңде мүлдем жеңіске жеткен жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам