“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

«Қазіргі футболшылар ұнамайды». Криштиану Роналду бапкер болғысы келмейтінін айтты

14.09.2024, 12:45

Роналду жылына 200 миллион еуроға жуық жалақы алады

«Қазіргі футболшылар ұнамайды». Криштиану Роналду бапкер болғысы келмейтінін айтты
Reuters

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду жаттықтырушы болуға деген амбициясының жоқтығын түсіндірді.

«Маған бапкер болу қиынға соғады. Қазіргі футболшыларды дайындауға деген энтузиазм жоқ. Бұл әсіресе футболда қиын. Олар біздің тәжірибемізді үйренбейді. Кейінгі ұрпақ бәрін білемін деп ойлайды. Телефон, TikTok, әлеуметтік желілер жақсы үйретеді деп санайды», - дейді Роналду.

Ол басқа да алаңдататын мәселелер бар екенін, өмірінің тағы бір бөлігі, шабыттандыратын жұмысы бизнес екенін айтады.

«Бұл мен үшін жаңа әлем, өзім білмейтін саланы үйренемін. Мен өз бизнесіммен көбірек айналысатын боламын. Менің ойымша, бәрі жақсы болады», - деді 39 жастағы португалиялық футболшы.

Роналду қазір Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайды. Араб елінде ол жылына 200 миллион еуроға жуық жалақы алады. Бұған дейін шабуылшы «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал Мадрид» және «Ювентус» клубтарында ойнаған.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам