“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Криштиану Роналдудың әлеуметтік желілердегі оқырманы миллиардқа жетті

13.09.2024, 11:25

Футболшы өзін қолдаған әрбір жанға алғыс айтты

Криштиану Роналдудың әлеуметтік желілердегі оқырманы миллиардқа жетті
Getty Images

Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубының капитаны Криштиану Роналду барлық платформалардағы жазылушыларының жалпы саны миллиард адам болғанын айтты.

Танымал футболшы Instagram (639,061,429 жазылушы), Facebook (170,509,113), X (113,026,345), YouTube (60,500,284) және қытайлық kuaishou (9,372,710) және Weibo (7,530,121) әлеуметтік желілеріндегі оқырман санын көрсетті.

«Біз тарихқа ендік. 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес, бұл біздің ортақ энергиямыздың және ойынға деген қызығушылығымыздың көрінісі. Мадейра көшелерінен бастап әлемдегі ең үлкен стадиондарға дейін мен әрқашан отбасым мен сіздер үшін ойнадым, қазір біздің санымыз миллиардқа жетті. Менімен әрбір жаңа қададым мен барлық қиындықта бірге болдыңыздар. Бұл біздің жолымыз және біз бірге қол жеткізе алатын нәрседе шек жоқ екенін көрсеттік. Маған деген сенімдеріңіз бен шексіз қолдау көрсеткендеріңіз үшін, өмірімнің бір бөлігі болғаныңыз үшін рахмет. Ең жақсысы әлі алда және біз бірге күресуді, жеңуді және тарихты жазуды жалғастырамыз», - деп жазды Роналду.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам