«Маған требл керек»: Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін

07.12.2023, 12:05

«Мансити» АПЛ-дегі соңғы төрт ойында жеңіске жете алмай келеді

«Маған требл керек»: Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситиден» кетуі мүмкін
Советский спорт

«Манчестер Сити» клубының бас бапкері Хосеп Гвардиола қандай жағдайда отставкаға кететінін мәлімдеді деп жазады Daily Mail.

«Егер біз осы маусымда требл жеңіп алсақ, мен отставкаға кетемін. Бұл анық. Мен мұның өте қиын екенін білемін. Ағылшын Премьер лигасында қаншама мықты команда өнер көрсетті, бірақ соларда тек Алекс Фергюсон және былтыр біз ғана жасадық», - деді Гвардиола.

Мұндай мәлімдемені «Мансити» бапкері АПЛ-дың соңғы 15-турында «Астон Вилладан» жеңілгеннен кейін айтқан.

Қазір «Манчестер Сити» турнир кестесінің төртінші орнында келеді. Алғашқы үштікте: «Арсенал», Ливерпуль» және «Астон Вилла».

Өткен маусымда Хосеп Гвардиола «Манчестер Ситимен» бірге ағылшын Премьер лигасын, Англия кубогін және Еуропа чемпиондары лигасын жеңіп алып, требл жасаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?