Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Италиялық футболшының мәйіті қонақүйден табылды

29.09.2024, 19:52

43 жастағы экс-футболшы баспалдақтан құлаған

Италиялық футболшының мәйіті қонақүйден табылды
sports.ru

Италиялық "Кальяри" футбол клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Андреа Капоне 44 жасында қайтыс болды. Оның денесі бүгін таңертең қонақүйден табылды.

"Кальяри" клубының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Экс-футболшының денесі жексенбі күні таңертең Кальяри қаласындағы қонақүйден табылды. Ол достарымен кештен кейін қонақүйде түнеген және болжам бойынша, құлап, басынан жарақат алған", – делінген ақпаратта.

"РИА Новости" мәліметінше, алдын ала нұсқа бойынша 43 жастағы Капоне кездейсоқ баспалдақтан құлап, басынан соққы алған.

Андреа Капоне "Кальяри" командасынан бөлек, Капоне "Сору", "Тревизо", "Виченца", "Гроссето" және "Салернитана" клубтарында ойнаған. 2001 жылы ол Италияның жастар құрамасында да өнер көрсеткен.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам