Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Ақтөбенің» чемпион болуына бір ғана кедергі бар, ол – Ақтөбе облысының әкімдігі

01.10.2024, 17:18

Оның қандай кедергі екенін клуб жанкүйерлері айтып отыр

«Ақтөбенің» чемпион болуына бір ғана кедергі бар, ол – Ақтөбе облысының әкімдігі
коллаж: 1bol.kz

Футболдан Қазақстан кубогінің жаңа иегері анықталды, ол — «Ақтөбе»! Жарыс финалында «Атыраумен» кездескен ақтөбеліктер ерекше камбэк жасап, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Десе де, «Атырау» ойыншылары да, жанкүйерлері де бұл нәтиженің әділетсіз екенін айтып отыр. Өйткені, матчтың соңғы минуттарында төрешінің «Атырау» қақпасына белгілеген 11 метрлік айып добы расымен де көп адамның күмәнін тудырды.

Ал,«Ақтөбенің» белсенді жанкүйерлері чемпиондықтың адал жолмен келгенін айтып та, жазып та жатыр. «Бірінші болда» қонақта болған Аршат Оразов пен Рымбек Ізғалидың сөзінше, «Ақтөбенің» кубокті ғана емес, ҚПЛ-ді жеңіп алуға да қауқары бар. Тек жергілікті әкімдік кедергі келтіріп отыр дейді олар.

Ол қандай кедергілер және клубқа «қастандық» жасап отырғандар кім?«Атырау» қақпасына белгіленген пенальти әділ болды ма, жоқ па? Бұл сұрақтардың жауабын бүгінгі шығарылымда айтуға тырыстық.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам