Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

УЕФА: «Қайрат» жастары «Бетиспен» кездеседі

02.10.2024, 21:17

Алматылықтар "Академия Раду Ребежи" клубының ойыншыларын жеңді

УЕФА: «Қайрат» жастары «Бетиспен» кездеседі
kazfootball.kz

Алматының "Қайрат" клубы УЕФА-ның Жастар лигасының екінші іріктеу матчында жеңіске жетті.

Чемпиондар жолының бірінші раундының қарымта матчы Кишиневте (Молдова) өтіп, алматылықтар "Академия Раду Ребежи" клубының ойыншыларымен өзара кім мықтыны анықтады.

Матч қазақстандық футболшылардың жеңісімен аяқталды - 4:1. Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша Алматы командасы келесі кезеңге өтті - 6:2 (Алматыда "Қайрат" 2:1 есебімен басым түскен).

Алматылықтар сапында көзге түскендер: Рамазан Бағдат, Дастан Сәтпаев, Аруп Саутов және Кирил Тап автоголды өз атына жазды. Алаң иелерінен Александр Мардари мергендік танытты.

Келесі кезеңде "Қайрат" Испанияның "Бетис" клубымен кездеседі. Бірінші ойын 23 қазанда Испанияда, қарымта матч 6 қарашада Алматыда өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам