Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді

05.10.2024, 21:14

Бұған дейін құрамамыз төртінші орында болған

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде екінші орынға көтерілді
ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде жоғарылады.

Ташкентте өткен әлем чемпионатының алдында құрамамыз төртінші орында болған, енді Испания мен Ресейді (2022 жылғы ақпан айынан бастап соғысқа байланысты шеттетілген) басып озды.

Қазақстанның алдында Еуропа чемпионы Португалия ғана тұр. Рейтинг 2019 жылдан бері жасалып келеді.

Қазақстан құрамасы - Еуро-2016-ның қола жүлдегері, Еуро-2018 бен 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисі, Еуро-2024 пен 2024 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам