![«Әлі ойнаймын»: Криштиану Роналду карьерасындағы 1200-ші матчын өткізді](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2023/12/09/6573f719e462d650212364.jpeg)
Бұған дейін тек төрт футболшы бұл нәтижеге жеткен
Сауд Арабиясын чемпионатындағы «Әл-Наср» мен «Әл-Рияд» арасындағы матч Криштиану Роналду үшін 1200-ші ойыны болды.
Осы жетістігі үшін ол өзінің командаластары мен әріптестеріне алғыс айтты.
«Тағы үш ұпай. Бұл үлкен саяхат болды. Осы 1200 ойынды өткізуіме көмектескен барлық әріптесіме алғыс айтамын», - деп жазды Роналду өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, футбол тарихында бұл көрсеткішке Роналдуға дейін төрт-ақ ойыншы жеткен және олардың бәрі қақпашылар: Питер Шелтон (1375), Пол Бэсток (1286), Рожерио Сени (1237), Фабио Лопес (1212).