Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақстанда танымалдығы жағынан Головкиннің алдына түсер ешкім жоқ – Шавкат Рахмонов

08.12.2023, 22:09

Оның пікірінше, қазақстандықтар бокстан көрі аралас жекпе-жекке көбірек қызығады

Қазақстанда танымалдығы жағынан Головкиннің алдына түсер ешкім жоқ – Шавкат Рахмонов
instagram.com/shavkatrakhmonov94

UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Геннадий Головкинге қатысты пікірін білдірді. Америкалық БАҚ-қа сұхбат берген қазақ спортшысы бокс пен MMA-ны да салыстырды.

«GGG әлемдегі ең мықты боксшылардың бірі болып қала береді. Ол Қазақстанда да, әлемде де өте танымал адам. Танымалдығы жағынан оның алдына әлі ешкім түскен жоқ», - деді ол.

Шавкаттың пікірінше, қазір Қазақстанда бокстан қарағанда MMA спорты әлдеқайда танымал және сұранысқа ие.

«Қазір Қазақстанда жұрт бокстан қарағанда MMA мен UFC-ге көбірек қызығады», - деп сөзін түйді ол.

Айта кетейік, биыл 16 желтоқсанда Шавкат Рахмонов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 296 турнирі аясында Стивен Томпсонмен жекпе-жек өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам