Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған танымал бапкер румыниялық клубты қолға алды

10.12.2023, 15:32

«Сепси» биыл «Ақтөбені» жеңген болатын

Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырған танымал бапкер румыниялық клубты қолға алды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан ұлттық құрамасын бұрындары жаттықтырған Бернд Шторк румыниялық «Сепси» командасымен жұмыс істейтін болды. Бұл туралы Kommentator Maulen телеграм-каналында жазылған.

Клуб бапкермен 2023/24 жылғы маусымның соңына дейін бірге қызмет атқармақ. Шторктың келісімшартында келісімді ұзарту нұсқасы бар екенін айта кетейік. Соңғы рет маман бельгиялық «Кортрейк» ұжымында еңбек етті.

Жалпы «Сепси» қазақстандық футбол жанкүйерлері үшін тансық команда емес. Еске салсақ, КЛ осы жылы өткен үшінші іріктеу кезеңінде румыниялық ұжым «Ақтөбеге" қарсылас атанып, қос ойын қорытындысы бойынша отандық клубтан 2:1 есебімен басым түскен болатын.

«Сепси» тізгінін ұстаған Бернд Шторк ел құрамасын 2008 бен 2010 жылдар аралығында жаттықтырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам