Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Черчесовтің қазақ тілін мазақ қылғаны үлкен кабинеттерде талқылануы тиіс – Ермұрат Бапи

16.10.2024, 17:38

Мәжілісменнің айтуынша, мемлекеттік тілді мазақ еткендердің ісін мемлекеттік деңгейде қарау керек

Черчесовтің қазақ тілін мазақ қылғаны үлкен кабинеттерде талқылануы тиіс – Ермұрат Бапи
Видеодан кадр

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов кезекті рет қазақ тілін мазақ етіп, көпшіліктің ашуын тудырды. Мәселеге қатысты федерациядан бастап, Туризм және спорт министрлігі және бірқатар қоғам белсенділері пікір білдірді. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Станислав Черчесовтің бұл әрекетін сынап, бас бапкердің саяси сауаты төмен екеніне тоқталды. Мәжілісменнің айтуынша, мемлекеттік тілді мазақ еткендердің ісін мемлекеттік деңгейде қарау керек. 

«Ол видеоны көрдім. Оны елемей қоюға, қарамай, мән бермей қоюға болар еді. Черчесовтің өзін мазақ қылып, жауап қайтара салуға болатын еді. Ол қазір ұлттық құраманың жаттықтырушысы болғандықтан, ұлттық деген аты болғандықтан қазақ тіліне немқұрайлы қарауға қақысы жоқ. Қазақ тілін білмесе де ұлттық құраманы жаттықтыруға келіп тұрып, елдің ең басты атрибуты – тілін құрметтемейтін болса, мысқылмен, мазақпен қарайтын болса, бұл үлкен кабинеттерде талқыланатын мәселе. Федерация ғана емес, тіл мамандарының, идеология жөніндегі мамандардың талқысына түсу керек. Мұндай ұлтқа, тілге қатысты мысқыл бір ғана федерацияның шаруасы емес. Мұны мемлекеттік тұрғыдағы іс деп қарау керек. Сонда ғана біз өзіміздің тілімізді, ұлттық мүддемізді түгендей аламыз. Ал егер мұның бәрін федерацияға аудара салып жүре беруге болмайды. Қоғам тарапынан неге осындай дүрлігу туып жатыр? Себебі, бұл ұлттық намысқа қатысты дүние», - деді Ермұрат Бапи.

Депутат бұл жағдайды дер кезінде қолға алып, елге келетін өзге де легионерлерге сабақ болуы тиіс екенін айтады.

«Сырттан, Ресейден Қазақстанның намысын қорғаймыз деп келіп жатқан спортшылар бар. Олар тек қана ақша қуып, спорттық табыстарын ғана қуу үшін келетін болса, бізге қажет емес. Келген соң Қазақстанның туы бар киімді киіп шыққанда сол елді қадірлеуің керек», - дейді депутат.

Мәжілісмен бас бапкердің саяси санасы төмен екенін де атап өтті.

«Өзің басқаратын ұлттық құраманың тілін мазақ қылма. Жанкүйерлерін, сол елдің халқын, мемлекетін құраушы қазақтарды мазақ етпе. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы болғаннан кейін саяси тұрғыдан да санаң болуың керек. Елдің ұлттық құрамасын жаттықтыруға келген адам сол елге ілтипатпен қызмет етуі тиіс. Салт-дәстүр, тілге деген сыйластық болуы керек. Жетістіктері болса бір сәрі, төрт ойыннан бері бірде бір ойында жеңген жоқ, бір гол соққан жоқ. Федерацияның басшысы одан қалай нәтиже күтеміз деп отыр?», - деді Ермұрат Бапи.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам