Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Самат Смақов «Астана» клубына лауазымды қызметке тағайындалды

12.12.2023, 14:29

Маман биыл Семейдің «Елімайын» бірінші лигадан Премьер лигаға алып шықты

Самат Смақов «Астана» клубына лауазымды қызметке тағайындалды
Instagram

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Самат Смақов «Астана» клубының техникалық директоры болып тағайындалды. Ол таяуда ғана Семейдің «Елімай» клубының бас бапкері лауазымынан босатылған еді.

Самат Смақов футболшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, танымалдыққа ие болған спортшы. Мансабын аяқтағаннан кейін «Ақтөбе» футбол клубында бас директор қызметін атқарып, кейін «Елімай» командасын бас бапкері болып жемісті еңбек етті. Жабылып, қайта құрылған клубты бірінші лигадан Премьер лигаға шығарды.

«Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында алдағы уақытта «Астана» футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді. Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады», - деді «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Самат Смақовтың анасы ұлының еңбекқор екенін айтып, клубты аяққа тұрғызғанын әлеуметтік желіде айтқан болатын.

«Бұл менің ұлыма Елімайды көтергені үшін айтқан рахметтері. Спартак стадионы 19 жыл бойы тыныш жатқан еді. Саматтың арқасында оған жан бітті. Семейлік жанкүйерлер оянды және қуанды. Ұлым сол үшін маңдай терін төкті. Бірақ, біреулерге оның адал көңілі жақпай қалған сияқты. Біреуге оның кетуі керек болды. Мейлі, енді клубтың келер маусымда қалай ойнайтынын көрейік. Құдай куә. Бір Аллаға тапсырдым. Алланың көзі дұрыс болсын. Шыншыл адамдар көп жағдайда көпке жақпайды. Мен өз ұлымның адал және әділ екеніне кепіл болам. Осыны жасаған кісінің Алла жазасын берсін. Бір құдайдан тілейтінім сол», - деп жазды футболшының анасы желіде.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам