Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Бавария» қатерлі ісікке шалдыққан қақпашысымен келісімшартты ұзартты

17.11.2024, 11:30

Ол клубпен бірге ел чемпионы және Суперкубок иегері атанған

«Бавария» қатерлі ісікке шалдыққан қақпашысымен келісімшартты ұзартты
Getty Images

«Бавария» әйелдер клубының қақпашысы Мала Грос қатерлі ісікке шалдықты. Соған қарамастан клуб онымен келісімшартты ұзартқан. Бұл туралы Мюнхен клубының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Толық тексерістен соң «Бавария» қақпашысы тиісті ем қабылдайды, барлық назарды денсаулығын түзеуге бағыттап, тиісінше белгілі бір уақытта клубта болмайды. Клуб пен қақпашы мерзімінен бұрын келісімшартты созды», - делінген клуб мәліметінде.

Белгілі болғандай, 23 жастағы футболшымен келісімшарт 2026 жылғы 30 маусымға дейін созылған.

Грос «Бавария» сапына 2019 жылы қосылды. Клуб қатарында 2021 жылы алғашқы ойынын өткізіп, содан бері 81 ойынға қатысты. Осы уақыт аралығында үш рет Германия чемпионы атанып, ел Суперкубогын ұтып алды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам