Шавкат бейнеленген ресми UFC мерчін алуға асық

Беларусь президенті Лукашенко «Бавариядан» шақырту алып бармай қалғанын мәлімдеді

25.11.2024, 17:26

Ол әр сұхбатында өзінің әр түрлі саланың білікті маманы екенін айтудан шаршамайды

Беларусь президенті Лукашенко «Бавариядан» шақырту алып бармай қалғанын мәлімдеді
БР Президентінің баспасөз қызметі

Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінің жас шағында футболшы ретінде үлкен мүмкіндігі болғаны туралы айтты. Саясаткердің сөзінше, кезінде оны мюнхендік «Бавария» өз қатарына қоспақ болған көрінеді.

Бұл туралы ол кезекті сұхбатында айтқан. Алайда, деректің қаншалық рас екені тек Лукашенконың өзіне ғана аян. 

«Мен 11-нөмірмен сол жақ қапталда ойнадым. Сол кездегі менің жасыл алаңдағы жылдамдығым өте жоғары еді. Мен жеті қадам басқанда ешкім ілесе алмай қалатын. Допты алған бетте қорғаушыларды жарып өтіп, оң жаққа тебетін едім және менің басты міндетім қақпаға кіргізу еді. Кейін ойландым. Осының барлығын тезірек істеуім керек. Сосын мен оң жақ қапталға ауыстырып, 10-шы нөмірді берді. Оң жақ қапталда айып алаңына өтіп, ортаға допты жеткізіп отырдым. Сол жерде жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар менен пас алып, үнемі гол соғатын. Бұл менің міндетім еді. Сол уақыттары маған мюнхендік «Бавариядан» мамандар келіп, қабілетімді тексеретіні белгілі болды. Тіпті, 15 жылға алып кетуі де белгілі болды. Бірақ бұл енді бөлек әңгіме», - деді Лукашенко.

Бұған дейін Лукашенко сұхбаттарында өзі туралы айтқан деректерімен күлкіге қалған еді. Ол бір ғана жауабында өзінің шекарашы, фотограф, экономист, кәсіпқой футболшы секілді түрлі сапалық қасиетке ие екенін айтқан-тын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам