Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

«Шахтерды» енді әйгілі чех футболшысы жаттықтырады

28.11.2024, 15:58

Оған Қарағанды футболының аңызы Андрей Финонченко көмектеседі

«Шахтерды» енді әйгілі чех футболшысы жаттықтырады
Чемпионат

Қарағандылық «Шахтер» биылғы сәтсіз маусымнан кейін ойыншылар құрамын ғана емес, бапкерлік штабты да күшейтіп жатыр. Кеншілер клубын енді Чехияның әйгілі футболшысы Иржи Ярошек жаттықтырады. Бұл туралы «Шахтердың» президенті Талғат Дүйсеков мәлімдеді.

Еске салайық, биыл «Шахтер» ҚПЛ-де соңғы 13-орын алып, тарихында алғаш рет Бірінші лигаға төмендеді. Осыдан кейін Қарағанды облысының әкімі клубтың басшысын ауыстырып, спорттық ұжымға жаңа міндет жүктеген болатын.

Иржи Ярошик – кәсіби футоблшы, ол Англияның («Челси» құрамында), Шотландияның («Селтик» құрамында), Чехияның («Спарта» құрамында), Ресейдің (ЦСКА құрамында) чемпионы болған, испандық Примерада үздік ойын көрсеткен («Сарагоса» мен «Алавес» құрамында). Жоғары дивизиялық еуропалық чемпионаттарда кәсіби клубтарды жаттықтыруға құқық беретін UEFA PRO лицензиясы бар. «Шахтерға» келгенге дейін Чехия, Словакия, Словения мен Ресей клубтарында жаттықтырушы болған.

Чех маманынан бөлек, бапкерлік штабқа Петар Алексеевич пен Джозеф Муха да қосылды. Ал, бұған дейін жұмыс істеп келген Қарағанды футболының аңызы Андрей Финонченко жаңа командамен бірге жұмысын жалғастырады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам