ЖБ Шоу #11! Жаңа шығарылым! Азиада-2011: Алматыдағы «позор»

«Челси» келгенде қар күремеген стадион басшысы түн ішінде қызметінен қуылды

12.12.2024, 23:35

Стадионға 20 982 көрермен келді

«Челси» келгенде қар күремеген стадион басшысы түн ішінде қызметінен қуылды
facebook.com/asel.abilbekova

УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінде Алматыда өткен «Астана» мен «Челси» арасындағы матчта стадионның қарын күремеген Орталық стадионының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен қуылды.

Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатар қардан уақытылы тазаланбаған. Соның кесірінен «Астана» – «Челси» ойынына келген жанкүйерлерге қолайсыздық туындаған.

«Орталық стадион» нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді. Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды ойындарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз, - деп хабарлады Алматы қаласының спорттық нысандары дирекциясынан.

Еске салайық, бұл ойында «Челси» «Астананы» 3:1 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайын иеленіп кетті. Лондондық клуб Алматыға екінші және үшінші құрамдағы ойыншыларын әкелгенін де айта кету керек.

Стадионға 20 982 көрермен келді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам