Мессиді «Барселона» асыға күтеді – Клуб басшылығы

11.10.2023, 15:37

Даңқты футболшы Испанияға орала ма?

Мессиді «Барселона» асыға күтеді – Клуб басшылығы
Фото ашық дереккөзден

«Барселона» футбол клубы Леонель Мессиге қатысты мәлімдеме жасады. Ұзақ жылдар бойы каталондық клубтың шабуылшысы болған Аргентина спортшысының қайта оралуына қатысты қазір көптеген пікір айтылып жүр. 

Осы орайда клубтың вице-президенті Эдуард Ромеу Леоға қатысты ойын білдірді.

«Мессидің қайта оралуы туралы ма? Біз қолайлы жағдайлар туындаған кезде Мессиді құрметтегіміз келеді. Ол бұған лайық және біз оны асыға күтеміз. Қалғаны – біз айта алмайтын болжамдар…», - деді ол. 

2021 жылы Месси «Барселонадан» франциялық «ПСЖ» клубына ауысқан болатын. Парижде екі жыл ойнаған Месси осы жазда АҚШ-тың «Интер Майами» клубының сапын толықтырды.

Соңғы шешімінде аргентиналық форвард «Барселонаға» ауысу мүмкін емес екенін атаған еді. Егер ол Испанияға қайта оралса, клуб басшылығы «Барселонаның» көптеген ойыншыларының жалақысын төмендететінін белгілі болған. Сол себепті ол АҚШ чемпионатында ойнауды жөн көргенін жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт
Жаңа Подкаст! / Қазақ баласы қашан NHL-да ойнайды?