Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Футболдан Еуропа чемпионатын 2028 және 2032 жылы өткізетін елдер анықталды

10.10.2023, 21:13

Ал 2024 жылы аталған жарыс Германияда өтеді

Футболдан Еуропа чемпионатын 2028 және 2032 жылы өткізетін елдер анықталды
Фото xsport.ua

Алдағы он жылда футболдан Еуропа чемпионаты кәрі құрлықтың қай елдерінде өтетіні белгілі болды. Бұл туралы Еуропа футбол қауымдастығы одағының Швейцарияның Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде хабарланды.

2028 жылы Еуропа елдерінің ұлттық құрамалары Ұлыбритания мен Ирландияда өзара мықтыны анықтайды. Сонымен бірге, 2032 жылы Италия мен Түркия аталған чемпионатты бірлесіп өткізу құқығына ие болды.

Бұл туралы УЕФА башсысы Александр Чеферин ресми мәлімдеп отыр.

Былтырғы қараша айында УЕФА Англия, Солтүстік Ирландия, Ирландия, Шотландия және Уэльстің құрлық біріншілігін өткізуге қатысты өтінішін қабылдағанын атаған еді. Бұдан басқа Түркия мен Италияның футбол федерациялары да 2032 жылы өтуі тиіс Еуропа чемпионатын өз жерінде ұйымдастыруға құлықты екенін жариялаған.

Ал 2024 жылы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам