Реал камбэк жасай ма? Жаңа шығарылым! #Fonteam

Самат Смақов «Жетісудың» бас бапкері атанды

19.12.2024, 20:16

Ол футболшы ретінде Қазақстанның ең атақты футболшысы саналады

Самат Смақов «Жетісудың» бас бапкері атанды
ҚФФ

Белгілі футбол маманы Самат Смақов талдықорғандық «Жетісу» клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Футбол жанкүйерлерінің арасында кеңінен танымал қазақстандық ойыншы спорттық мансабын аяқтағаннан кейін «Ақтөбе» клубының директоры, «Ордабасы», «Елімай» клубтарында бапкер, «Жеңіс» клубында техникалық директор міндетін атқарды.

Ол футболшы ретінде Қазақстанның ең атақты футболшысы саналады. Смақов еліміздің 6 дүркін Чемпионы, 5 дүркін күміс жүлдегері және 4 дүркін Қазақстанның үздік футболшысы атанған. 2004, 2007, 2008, 2009 жылдары. Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген футболшы (76 ойын) ретінде тарихқа енді.

«Жетісу» клубы биылғы ел чемпионатын 14-ші орынмен аяқтады. Біріншілік аясында 24 ойын өткізген клуб 23 ұпай иеленді. Сондай-ақ, 17 рет есеп ашса, 33 рет қарсыластар голын жіберіп алды.

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам