Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Шымкенттік жанкүйерлерді «ренжіткен» маман «Ордабасыға» бапкер болды

22.12.2024, 12:33

Молдовалық маман бұған дейін «Петрокуб» тізгінін ұстады

Шымкенттік жанкүйерлерді «ренжіткен» маман «Ордабасыға» бапкер болды
«Петрокуб» ФК

Молдовалық маман Андрей Мартин «Ордабасы» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды.

Жаңа жаттықтырушыны клуб директоры Асхат Сейсембек таныстырды. Мартин осыған дейін өз еліндегі  «Петрокуб» командасында тізгінін ұстады. 2023/2024 жылғы маусымда аталған ұжыммен Молдова чемпионаты мен Молдова Кубогын жеңіп алды. Команда УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде ойын көрсетті.

«Петрокуб» биыл Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде дәл осы «Ордабасыны» жеңіп кеткен. Шымкенттік жанкүйерлерді «ренжіткен» маман сол кезде «Ордабасы» басшыларының көзіне түссе керек.

Молдовалық бапкер 1974 жылдың 27 маусымында дүниеге келген. Футболшы ретінде қорғаушы, жартылай қорғаушы шебінде ойын көрсеткен.

2008 жылдан бері бапкерлік қызметпен айналысады. Екі жыл бұрын «Петрокуб» клубының тізгінін ұстады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам