Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Роналдудың бұрынғы бапкері Зайнутдиновті жаттықтырады

17.01.2025, 17:19

Норвегиялық маман Ыстамбұлда қажетті құжаттарға қол қойған

Роналдудың бұрынғы бапкері Зайнутдиновті жаттықтырады
Reuters

«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер «Бешикташпен» келісімшартқа отырды. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо мәлімдеді.

Енді ол қазақстандық Бахтиер Зайнутдиновті жаттықтырады. Норвегиялық маман мен оның агенті бүгін Ыстамбұлда қажетті құжаттарға қол қойған.

Дереккөз мәліметінше, түркиялық клубтың норвегиялық маманмен келісімшарты 2026 жылғы маусымға дейін есептелген.

Норвегиялық бапкер 2021 жылдан бері жұмыссыз жүрген. Ол соған дейін Англияның «Манчестер Юнайтед» клубын баптаған. Бұл қызметке ол 2018 жылғы желтоқсанда тағайындалған еді. Сонымен қатар Сульшер «Мольде» мен «Кардифф» клубтарында жұмыс істеді.

Ал «Бешикташ» клубын Сульшердің алдында нидерландтық Джованни ван Бронкхорст жаттықтырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам