ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Ордабасының» құны 120 млн теңге тұратын шабуылшысы Еуропаға кетті

Шымкенттік клуб онымен бірге ел чемпионы атанған болатын

Ордабасы ФК
Ордабасы ФК

Соңғы үш маусым Шымкенттің «Ордабасы» клубында ойнаған 28 жастағы беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский карьерасын Польшада жалғастырады.

Ол Польшаның «Котвица» клубымен келісімшартқа отырған. «Ухо» телеграм арнасының жазуынша, футболшы командамен бірге жаттығуды бастап кеткен. Жолдастық кездесулерге де қатысып үлгерген.

Садовский «Ордабасы» сапында 85 матч өткізіп, 16 гол соққан. Шымкент клубы онымен бірге 2022 жылы – ел кубогына, 2023 жылы – Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді.

Футболшының трансферлік құны 225 мың еуро еуро (120,9 миллион теңге).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам