Ойынды бастаңыз! 100% кэшбэк + 250 000₸ салым бонусы үшін қосылу
Логотип Betsson
Бонус 250 000 тг

Лицензия №24176312 от 15.04.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Сұрап алмаппым»: Станислав Черчесов Қазақстандағы өкінішін айтты

03.02.2025, 15:00

Оның айтуынша, Қазақстан билігі елдегі футболды дамытуда айтарлықтай жұмыс істеп жатқан жоқ

«Сұрап алмаппым»: Станислав Черчесов Қазақстандағы өкінішін айтты
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов «Спорт Экспресс» басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы атқарған жұмысы туралы айтты.

Есте болса, ресейлік маман 2024 жылдың жазында ұлттық құраманың тізгінін ұстап, биыл қаңтар айының соңында отставкаға кетті.

«Жақында маған біреу Қазақстанның премьер-лигасы нешінші орында деп сұрады (Халықаралық футбол тарихы және статистика федерациясының (IFFHS) тұжырымы бойынша 86-орында – авт.). Футболды дамытуды мемлекеттік тұрғыда айналысу керек. Қазақстанда мұндай жұмыс аса ауқымды көлемде емес. Менің тұсымда ҚФФ белсенді әрекет бастаған болатын. Елдің біраз аймағын аралап, өз көзіммен көрдім. Стадиондарға назар салына бастады. Мұндай қадам Әділет Барменқұловтың тұсында қолға алынды. Енді ол жұмыстар тоқтап қалмайды деп сенемін. Қазір ұлттық құрама, жастар құрамасы, жасөспірімдер барлығы «Қайраттың» алаңында жаттығып жүр. Өйткені басқа жер жоқ. Оның үстіне, былтыр Астанадағы стадионды жөндеуге жауып тастаған еді», - дейді Станислав Черчесов. 

Ол осы ретте «Астана Арена» жабылып қалған тұста ұлттық құраманы қабылдап алғанына аздап өкініш білдіретінін де жасырмады.

«Тағайындалған кезде бұл туралы білмедім. Жасанды алаңда ойнамайтынымыз минусымыз екен. Сұрап алмаппым ғой. Өкіндім. Әйтпесе, басшылықтың алдында бұл мәселені қояр едім», - дейді бапкер.

Айта кетейік, Станислав Черчесов бас бапкер болғанда ұлттық құрама бірде-бір матчта жеңіске жетпеген. Тіпті, бірде-бір гол да соға алмаған. Қазір бас бапкердің міндетін атқарушы болып қазақстандық маман Әли Әлиев тағайындалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам