Чемпиондар лигасы: «Фейноорд» сенсация жасайды. «Аталантаға» қиын. «Бавариядан» көп гол күтпейміз

Қазақстаннан қуылған Черчесовті Өзбекстан құрамасына алмақ болған

08.02.2025, 00:12

Алайда, оның нәтижелері көңілге күмән тудырыпты

Қазақстаннан қуылған Черчесовті Өзбекстан құрамасына алмақ болған
ТАСС

Футболдан Қазақстан құрамасының экс-бас бапкері Станислав Черчесовті Өзбекстан құрамасының тізгінін ұстауға кандидат ретінде қарастырған. Бұл туралы жергілікті Upl.uz басылымы жазды.

«Ресейлік футбол бапкері Станислав Черчесов жақында Қазақстан құрамасындағы қызметінен кетті. Ол Қазақстан құрамасымен алты ойын өткізіп, Ұлттар лигасында бар-жоғы бір ұпай жинады. Енді Қазақстан келісімшартты мерзімінен бұрын бұзғаны үшін 1 млн еуро өтемақы төлейді. Оның жалақысы 1,2 млн еуро болған.

Черчесовті жақында Өзбекстан құрамасына ұсынды. Денсаулығына байланысты қызметінен кеткен Сречко Катанецтің орнына кандидат ретінде қарастырып көрген еді. Бірақ, талқылаудан кейін Черчесовті емес, Тимур Кападзені тағайындады. Черчесовтің кандидатурасы Қазақстандағы сәтсіздігі мен БАҚ-пен қарым-қатынасының нашар болуына байланысты өтпей қалды», -делінген аталған ақпаратта.

Еске салайық, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына бас бапкер болғаннан кейін журналистермен қазақ тілі мәселесіне қатысты бірнеше рет сөзге келген. Ол тіпті, мемлекеттік тілді келеке еткені үшін айыппұл арқалаған болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам