![Өзбек футболшысы Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиди» масқарадан сақтап қалды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/08/67a770f6d8047104611114.jpg)
Гвардиола шәкірттері үшінші дивищионда ойнайтын клубты әзер жеңді
Англия Кубогінің 1/16 финалында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Лейтон Ориент» (үшінші дивизион командасы) клубымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Әлемдік гранд саналатын «Манчестер Сити» бірінші таймда өз қақпасына күтпеген жерден гол жіберіп алды. 16-минутта қақпашының алға қарай шығып кеткенін аңғарған «Лейтон Ориент» ойыншысы алаңның дәл ортасынан допты қақпаға бағыттаған. Доп қақпа маңдайшасына кейін серпіліп, қақпашы Штефан Ортегаға тиді де голға айналды.
Мұнан кейін Грилиш пен Гюндоган бастаған манчестерлік команда шабуылды үдеткенімен, тайм соңына дейін гол соға алмады. Тек екінші таймның орта тұсында өзбекстандық қорғаушы Абдукодир Хусанов есепті теңестіріп (56-минут), «Манситиді» масқарадан құтқарып қалды. Ал, 79-минутта Кевин де Брюйне жеңіс голын соғып, командасын келесі айналымға алып шықты.
Еске салайық, Абдукодир Хусановты «Манчестер Сити» «Ланстан» 40 миллион еуроға сатып алған.