![«Барселонада» бас бапкер мен қақпашы арасында кикілжің басталды](https://1bol.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/09/67a88c712d1f3733637987.jpg)
Қазір «Барселона» қақпасын польшалық Войцех Щенсный күзетіп жүр
Каталониялық «Барселона» клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик пен қақпашы Иньяки Пенья арасында кикілжің басталды.
Sport.es басылымының хабарлауынша, 25 жастағы қақпашы бас бапкерге неліктен негізгі құрамдағы орнынан айырылып қалғанын сұраған. Флик оның Суперкубоктың жартылай финалында «Атлетикпен» кездесу алдындағы жаттығуға кешігіп келгенін еске салған. Сонымен қатар, неміс маманы Пеньяға басқа да тәртіп бұзған сәттерін айтқан екен.
Биылғы маусымда испаниялық қақпашы барлық жарысты қосқанда 22 матч өткізіп, 25 гол жіберген. Алты ойында қақпасын құрғақ ұстады.
Соңғы матчтарда «Барселона» қақпасын поляк Войцех Щенсный күзетіп жүр. Ал негізгі қақпашы Марк Андре Тер Штеген жарақатынан енді айықты.