Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Чемпион болмай-ақ қойсын»: Нұрлыбек Нәлібаевтың «Қайсарға» қанша ақша бөлгені белгілі болды

17.02.2025, 09:20

Қызылордалық команда биыл легионерлерден 100% бас тартқан алғашқы команда атанып отыр

«Чемпион болмай-ақ қойсын»: Нұрлыбек Нәлібаевтың «Қайсарға» қанша ақша бөлгені белгілі болды
Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының әкімдігі футболдан биылғы маусымға 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы лот жариялап үлгерді.

Есте болса, былтыр жыл соңында халыққа есеп берген өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев клуб директоры 5 млрд теңге бюджет сұрағанын айтқан болатын. Әкім футболға ақшаны әлдеқайда аз бөлетінін сол кезде мәлімдеген.

«Премьер-лига командалары арасындағы чемпионатта, екінші лига командалары арасындағы чемпионатта, ел кубогына облыстық футбол командасының дайындықтарын ұйымдастыру және қатысу жөнінде қызметтері; жолспарланған қаражат – 1,2 миллиард теңге», – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лот сипаттамасында.

Байқауға қатысуға өтініштер 17-19 ақпан аралығында қабылданады.

Тағы бір лоттың сипаттамасында «Футбол орталығының (балалар-жасөспірімдер командаларының) облыстық футбол клубының 2025 жылы Қазақстан футбол федерациясының ойындар күнтізбесіне сәйкес жасөспірімдер құрамалары арасында өтетін ресми республикалық сайыстарға дайындықтарын ұйымдастыру және қатысу қызметтері» делінген. Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы. Қажет сома – 436 612 400 теңге. Бұл конкурсқа өтінімдер қабылдау 12 ақпанда басталып, 17 ақпанда аяқталады.

Әкімдік жалпы екі лотты қосқанда футболға 1 636 612 400 теңге жұмсамақ.

«Қайсардың» бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызы бар. Ол жыл сайын көбейіп келеді. Биыл команда легионерлерден бас тартып, тек қазақстандық футболшылармен ойнамақшы.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам