Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барселона» бапкері Ханси Флик жұлдызды футболшыны негізгі құрамнан қуды

18.02.2025, 23:20

Ол жалпыға ортақ ережелерді жиі бұзатын көрінеді

«Барселона» бапкері Ханси Флик жұлдызды футболшыны негізгі құрамнан қуды
Getty Images

Каталониялық «Барселона» клубының бас бапкері Ханси Флик Франция құрамасының қорғаушысы Жюль Кундені негізгі құрамнан шеттетті. 

Sport.es порталының мәліметінше, Жюль Кунде жаттықтырушылар штабының шешімімен «Барселонаның» негізгі құрамынан шығып қалған. Басты себеп – Кунденің жаттығуға жиі кешігуі. Француз қорғаушысы «Райо Вальеканоға» қарсы ойын алдындағы командалық оқу жаттығу жиынына да уақытылы келмеген. 

Кунденің бұл алғашқы тәртіп бұзуы емес. Ол бұған дейін «Алавеске» қарсы ойынға кешігіп барған. Сол кезде Флик оны жазалаған. Неміс маманы команданың тәртіп пен жауапкершілік қағидаларына аса қатты мән беретінін бірнеше рет мәлімдеген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам