Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Сәтпаевтың голы, көшбасшылардың тең ойыны: алғашқы тур аяқталды

02.03.2025, 20:51

Шымкенттің «Ордабасы» мен «Ақтөбе» тең есепті қанағат тұтты

Сәтпаевтың голы, көшбасшылардың тең ойыны: алғашқы тур аяқталды
Видеодан кадр

Қазақстанда футбол маусымы басталып, ел біріншілігінің алғашқы турының нәтижелері белгілі болды.

1 наурызда жаңа маусымның шымылдығын «Атырау» мен Семейдің «Елімай» клубы арасындағы ойын ашты. «Мұнайшылар» өз алаңында барын салып, қонақтарды қапы қалдырды - 2:1. Осылайша, ҚПЛ-2025-тегі алғашқы үш ұпайдың иесі атанды.

Ал Шымкенттің «Ордабасы» мен «Ақтөбе» тең есепті қанағат тұтты.

Алғашқы таймда алаң иелері ширақ қимылдап, шабуылға басымдық бергенімен, есеп ашылған жоқ. Екінші таймда қонақтардың белсенділігі артты. Гол соғатын да бірнеше мүмкіндігі болған, алайда олар да мұны пайдалана алмады. Тиісінше чемпиондыққа таласатын үміткерлердің кездесуі тең есеппен аяқталды — 0:0.

Қостанайдың «Тобылы» «Ұлытауға» еш мүмкіндік қалдырмастан, қонақтар қақпасында екі бірдей голды тулатты.

Алғашқы турдың екінші күнінде Қызылорданың «Қайсар» клубы алаңға 11 қазақ футболшысын шығарып ерекшеленді. Дегенмен елорданың «Жеңіс» клубымен өткен кездесуде жанкүйерлер гол көрген жоқ. Ойын алдында жауған қар да футболшыларға кедергі келтірген тәрізді - 0:0.

Есесіне Түркістанның «Тұраны» Көкшетаудан келген қонақтарға екі гол салды. Алғашқы минуттардан-ақ белсенді болған алаң иелері сапынан Шохбоз Умаров есеп ашса, екінші таймда Лука Згурский есепті еселеді — 2:0.

Петропавлдың «Қызылжар» клубы мен Талдықорғанның «Жетісуы» арасындағы матчта қарсыластар бір-бір голмен ерекшеленді - 1:1.

Жанкүйерлердің асыға күткен ойындарының бірі елорда төрінде өтті. «Астана» жөндеуден өткен өз стадионында Алматының «Қайрат» клубын қабылдады.

Клубтар алаңға мына ойыншыларды шығарды: «Астана»: Сейсен, Вороговский, Казуколовас, Калайца, Бартолец, Эбонг, Аманович, Грипши, Камара, Томасов, Чинеду; «Қайрат»: Заруцкий, Мата, Сорокин, Мартынович, Касабулат, Арад, Громыко, Глейзер, Зария, Сантана, Жоао Пауло.

Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. Марин Томасовтың алыстан шірене тепкен добы алматылық ұжымның қақпасынан дәл табылды. Дегенмен елорда командасы есептегі басымдықты ұстап қала алған жоқ. Ойынның 67-минутында Мұхаммеджан Сейсеннің қателігін тиімді пайдаланған Дастан Сәтпаев таразы басын теңестіріп, командасына бір ұпай сыйлады — 1:1. «Челси» сатып алған Сәтпаев жанкүйерлерін қуантып қойды.

Осылайша, жеңімпаз атағына басты үміткер саналатын командалардың ойыны тең аяқталды.

«Астана» — «Қайрат» 1:1 (1:0) Голдар: Томасов 40 (1:0), Сәтпаев 69 (1:1).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам