Роналду ирандық әйелді құшақтағаны үшін дүре соғу жазасына кесілуі мүмкін – БАҚ

05.03.2025, 00:36

Саудиялық клуб өкілдері бұл ақпараттың жалған екенін айтып ақталуда

Роналду ирандық әйелді құшақтағаны үшін дүре соғу жазасына кесілуі мүмкін – БАҚ
instagram.com/cristiano/

Саудиялық «Әл-Наср» клубы Азия чемпиондар лигасы аясында ирандық командамен ойнап, аталған матчқа Криштиану Роналду қатысқан жоқ. RMC Sport басылымының жазуынша, бұған португалдық футболшының ауыр жазадан қашуы себеп болған көрінеді.

Жұлдызды ойыншы өз клубының 3 наурыз, дүйсенбі күні, ирандық «Эстегляльмен» өткен ойынына қатыса алған жоқ. Ақпан айының соңында ол Тегеранда «Персеполиспен» өткен матчта да төбе көрсетпеді.

Белгілі болғандай, 2023 жылы Роналду ирандық арбаға таңылған суретші қызбен кездесіп, оған өзінің жейдесін сыйлаған екен. Мүгедек қыз аяғымен сурет салады. Роналду оны құшақтап, маңдайынан сүйген. Ал, Иран дәстүрі бойынша күйеуге шықпаған қызға мұндай әрекет ету – өз әйеліңнің көзіне шөп салумен және бойдақ қызға қырындаумен тең көрінеді. Ал оның жазасы – 99 рет дүре соғу.

Сондықтан, келеңсіз жайтқа тап болмау үшін Роналду Тегеранға барудан бас тартқан деп жазуда БАҚ өкілдері. Алайда ирандық елшілік өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал, «Әл-Наср» клубының өкілдері португалиялық шабуылшы қатты шаршағандықтан матчтарға қатыса алмағанын айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды0
Ұнамайды0
Күлкілі2
Ашулану0
0 Пікір
Сіздің пікірікіз редакция тексеруінен өтеді
СоңғыТанымал
Жүктелуде
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам