Қалмұхамет Дөңсебаев былтыр мамыр айында қамауға алынған
«Жетісу» футбол клубының директоры болған Қалмұхамет Дөңсебаев 7 жылға сотталды.
«Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қатысты үкім шығарды. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларыныңтамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуынабайланысты Донсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығыншектеуге сотталды», - делінген Антиктордың хабарламасында.
Айта кетейік, Қалмұхамет Дөңсебаев былтыр мамыр айында қамауға алынған. Ол ұзақ жылдар Талдықорған футбол федерациясын басқарып келген. Ал «Жетісу» клубының тізгінін 2022 жылы ұстады.